Ақмола облысында жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыларды көлік қағып кетті

02.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жарақат алған 5 және 15 жастағы екі қыз ауруханаға жатқызылды. Оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кеткен.

– Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, Алматыда жаяу жүргіншілер жиі зардап шегетін көше қиылыстары белгілі болды.

Ақмола облысында Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью