Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақмола облысының Аршалы ауданында «Астана–Қарағанды» бағытымен келе жатқан жүк локомотивінің машинист кабинасында өрт шықты. Абырой болғанда оқиға салдарынан зардап шеккендер болмаған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт жүк локомотивінің машинист кабинасында тұтанып, қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.
- Локомотив «Астана–Қарағанды» бағытымен келе жатқан. Өрт Астана қаласының өрт сөндіру пойызының күшімен толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Құтқарушылардың алдын ала болжамынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып тексеріс жүргізілуде.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы