Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Көкшетау станциясында ер адамды жоғары кернеулі тоқ соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам "Көкшетау - Жаңа Есіл" бағытындағы жүк пойызымен баратын жеріне тегін жетіп аламын деп ойлаған.
Ол үшін пойыздың үстіне шығып алған. Сол кезде денесі жоғары кернеулі сымға тиіп, оны кем дегенде 27000 кВт тоқ соққан. Жарты денесі күйген ер адамды ауруханаға жеткізген.
Денсаулық басқармасында хабарлағандай, ер адам қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Көліктегі полиция теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары басталды.