Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

02.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолында LADA Largus және Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

— Жол апаты салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасында төрт баланың әкесі мен анасы көз жұмды. Әйел бесінші баласына аяғы ауыр болған.

Тәртіп сақшылары жол апатының алдын алу үшін жүргізушілердің, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде жылдамдықты асырмауды, көліктерінің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салды.

Бұған дейін Алматы облысында автобус пен көлік соқтығып, бір адам мерт болғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью