Ақмола облысындағы бірқатар елді мекенді су басу қаупі бар сенатор

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

– Қазақстандағы 1242 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Әсіресе, бірнеше өңірде көктемгі су тасқыны қатері жоғары. Ақмола облысындағы Астрахан ауданы да осы қатарда. Соңғы бірнеше жылда онда 190 үйді су алған, – деді ол.

Аталған аудандағы елді мекендерді су басуының алдын алу үшін «Демеу Қазақстан қорының» есебінен Қалқұтан өзенінің арнасы тазартылған. Нақтырақ айтқанда, 3,6 шақырым аумақта осындай жұмыстар жүргізілген.

– Атқарылған жұмыстарға қарамастан, су басу қаупі әлі де жоғары деңгейде. Қатерлі аймақтағы елді мекендер – Ескі Қалқұтан ауылында 702 адам, Еңбек ауылында 85 кісі, ал Қалқұтан бекетінде 700 азамат тұрады, – деді сенатор.

Депутаттың сөзінше, Қалқұтан өзенінің түбін тереңдету, арнасын тазарту және кеңейту бойынша жоба дайындалып, оған сарапшылардың оң қорытындысы берілген.

– Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге. 21 шақырымнан астам аумақта аталған жұмыстарды жүргізу қарастырылған. Осы жобаның арқасында аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік нысандарды, инженерлік инфрақұрылымды, егістік алқаптарын, сумен қамту көздерін сақтап қалуға болады, – деді ол.

Нұрлан Бекеновтың мәлімдеуінше, «Демеу Қазақстан қорынан» 140 млн теңге бөлінген. Енді жұмыстарды толық аяқтау үшін әлі де 5 млрд теңге керек. Сенатор Үкімет басшысынан қосымша қаражат бөлу мәселесін шешуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да су басуы мүмкін елді мекендерді қорғауға 105 шақырымдық 60 бөгет салынғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью