Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда бөгет қалпына келтірілді. Су деңгейі тұрақты бақылауда. Жағдайдың күрделенбеуі үшін инертті материалдармен қапшықтарды дайындалып жатыр. Бүгінгі уақытқа дейін 1500 қапшық дайындалды.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметіОқиғаның салдарын жоюға ТЖМ күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтері жұмылдырылған.
Жалпы шамамен 260 адам және 70 техника жұмылдырылды. «Астана – Қорғалжын» автожолы бойымен 1100 метр ұзындықта, сондай-ақ Сабынды ауылында 500 метр ұзындықта инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі- Еріп жатқан суды ағызу үшін 100 метр ұзындықта айналма канал қазылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Ақмола облысының Қорғалжын ауданында бөгет бұзылғаны туралы жаздық.