Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақмола облысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдігінің қолдауымен, жеке инвестор мен KOKSHE әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлескен қаржыландыру аясында агроөнеркәсіп кешені саласында ірі жоба жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бурабай ауданында Burabay Milk серіктестігі 1 440 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауарлы фермасының, сондай-ақ Щучинск қаласында сүт зауытының құрылысын қолға алуда.
Жобаны іске асыру аясында 330 бас асылтұқымды мал әкелу жоспарланған.
Компания болашақ ферма үшін жоғары өнімді асылтұқымды табынды қалыптастыру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде, Германиядан 165 бас голштин тұқымды қашардың алғашқы партиясы арнайы әуе рейсімен жеткізілді.
Қазіргі уақытта карантиндік шаралардан өтіп, жаңа күтім жағдайларына бейімделуде.
Алдағы бір ай ішінде ветеринариялық мамандар міндетті кешенді зерттеулер жүргізіп, аса қауіпті ауруларға қатысты тексеру жүргізеді.
Алдағы уақытта да облыстық және аудандық ветеринариялық қызметтер өкілдерінің қатысуымен асылтұқымды мал басын толықтыру жалғасатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.