Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды. Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі нысанды бір мезгілде іске қосуға олардың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы мүмкіндік берді.
Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, бес мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал Қараөткелде жаңа газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Ауылда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, бүгінде 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Елді мекенді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Оның алғашқы екеуі өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үш кешен биыл толық аяқталды.
Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью