Ақмолада құрылыс кезінде 18 жастағы жігітті тоқ соғып, қаза тапты

25.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Электр тогына түскен 18 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, ал оның жанындағы кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 22 шілде күні Көкшетау қаласында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Тәшенов көшесіндегі ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде металл профиль электр беру желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан 18 жастағы жігіт ауыр электр жарақатын алып, қаза тапқан. Оның жанында болған жасөспірім де ток соғып, ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полицияның хабарлауынша, тергеу қорытындысына сәйкес барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Өміріне қауіп жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью