Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

06.12.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жақсы ауданындағы Қима ауылының тұрғындары із-түзсіз жоғалған 42 жастағы ауылдасын үш күн бойы іздеген.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам 30 қарашада үйінен шығып кеткен, сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз болған. Іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері, еріктілер және туыстары жүргізді.

— Із-түссіз жоғалып кеткен Қима ауылының 1983 жылы туған тұрғынын іздестіру барысында оның денесі Есіл өзенінің жағасынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге суға бату кезінде тыныс алу жолының сумен бітелуі салдарынан тұншығу себеп болған, — деп хабарлады ведомство.

Ер адамның мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Павлодарда із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылған болатын

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью