Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, 9 бен 12 жас аралығындағы балалар түн ішінде Көкшетау мен аудан ауруханаларына жеткізілген. Балалардың айтуынша, бәрі бәліш пен балмұздақ жеген. Бурабайға экскурсияға барған. Қазір облыстық орталық ауруханада төрт бала ем алып жатыр, екеуі лагерьге қайтарылған.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Белгілі болғандай, орталық – жыл бойы жұмыс істейтін тілдік лагерь. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылғанын жазғанбыз.