Ақмолалық диқандар қар тоқтатып жатыр

28.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Осы тұста ақмолалық диқандар егістік алқаптарға қар тоқтатып жатыр.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда аймақта ақ ұлпаның қалындығы тізеге жетеді - 27 сантиметр. Бірақ былтырғымен салыстырғанда 37 пайызға аз. Десе де, шаруалар бар қарды тоқтатып, ылғалды сақтап қалуға тырысады. Аймақта мұндай жұмыс 470 мың гектар алқапта жүргізілуге тиіс. Қазір соның 161 мың гектарында атқарылды. Бұйырса, биыл өңір диқандары 5 жарым миллион гектарға дән себуді жоспарлап отыр.

Ренат Қасенов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Техникалар 80 пайызға дайын деуге болады. Қазір барлық ауданда қар тоқтату жұмыстары жүріп жатыр. Оған 172 техника жұмылдырылған. Бұл жұмыстар алқаптардағы ылғалды сақтауға және мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью