Ақнар Адаққызы: Ұсыныс түссе, қазақстандық клубтарда өнер көрсетуге дайынмын

22.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қандасымыздың айтуынша, бүгінде көптеген қазақ жастары шетелдік кәсіби коньки клубтарында бақ сынап жүр. Бұл спортшының шеберлігін шыңдап, деңгейінің өсуіне зор ықпал етеді.

Ақнар Адаққызы Қазақстандағы кәсіби клубтар тарапынан нақты ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екенін де жасырмады.

- Егер Қазақстанда кәсіби конькимен жүгіру клубтары ұсыныс жасап жатса, қарсы емеспін. Қазақстандық спортшыларды жақсы танимын. Жарыстарда жиі кездесіп, бірге шай ішіп, әңгімелесіп тұрамыз, – деді ол.

Спортшының айтуынша, Қытайдағы қазақ жастары арасында қысқы спорт түрлеріне қызығушылық жоғары.

– Қысқы спортқа қызығушылығым мектеп кезінен басталды. Алғашқы жаттықтырушым мені шорт-трекке баулыды. 2020 жылы конькимен жүгіруге толық ауысып, Бейжің Олимпиадасына жолдама алдым. Жалпы, Шыңжаңдағы қазақтар арасында коньки мен шаңғы спортына қызығатын жастар көп. Болашақта соларға бағыт-бағдар беріп, халықаралық жарыстарға қатысуына көмектессем деген ниетім бар, – деді Ақнар Адаққызы.

Айта кетейік, конькиші Ақнар Адаққызы — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпазы.

Сонымен қатар, ол Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із қуу және масс-старт додасында бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью