Ақпаратты жедел таратты

16.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқан конституциялық реформа елдігіміздің бағыт-бағдарын айқындаған маңызды кезең ретінде есте қалды. Жауапты науқан барысында Алматыдағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңынан жүйелі ақпарат таратқан тәуелсіз байқаушылардың жедел штабы таңнан кешке дейін үздіксіз жұмыс істеді.

Тұтас ел аумағынан хабар таратып, тәуелсіз байқаушылар мен БАҚ өкілдерін тоғыстырған алаңда референдум күні бас-аяғы төрт брифинг өтті. Штабтың тікелей эфирі таңғы сағат 7.00-де басталып, дауыс беру аяқталып, алдын ала қорытындылар жария­ланғанға дейін 11 сағат үздіксіз тікелей эфир жалғасты.

Елдегі ең ірі мегаполисте сая­си науқан белсенді басталғанын айтуымыз қажет. Дәл осы күні кәмелеттік жасқа енді аяқ басқан тұрғын мен ғасыр ғұмырды еңсерген кейуана да дауыс беру алаңынан табылды. Ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған штаб жұмысы кешке дейін тынған жоқ. Қоғамдық коммуникациялар алаңына әр сағат сайын саяси сарапшылар мен тәуелсіз байқаушылар келіп референдумның өту барысы туралы тың мағлұматпен бөлісіп отырды. Дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап тікелей қосылымдарға Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары (Орал қаласы) қосылды. Кешке дейін өзге де өңірлермен байланыс орнады.

– Ақпараттық штабтың не­гізгі міндеті референдум барысы туралы қоғамды жедел әрі нақ­ты ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүмкін болатын ақпа­раттық арандатулар мен жал­ған хабарламалардың таралуы­на жол бермеу болды. БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс істей отырып, жауапты кезеңнің әр сәтін ойдағы­дай өткіздік. Референдум бары­сындағы жаңалықтар тікелей эфир арқылы тұрғындарға жедел жетіп отырды, – дейді «Independ.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Рафаэль Гасанов.

Брифингке қатысушылар Алматы тұрғындарының ел өмі­рін­­дегі маңызды саяси уақи­ға­ға орташа белсенді үлес қосқа­нын, дауыс берушілердің легі түс­­тен кейін қарқын алғанын мәлім­­деді. Қала аумағында барлы­ғы 2 мыңнан аса тәуелсіз бай­қау­шы референдумның әр сәтін қалт жібермей қадағалаған болса, шаһардың барлық ауданынан 80-ге тарта маман соңғы ақпараттарды жедел штабқа жолдап отырды.

– Біздің 1 308 тәуелсіз байқау­шымыз учаскелерде жұмыс істеді. Сонымен қатар 654 капитан бақылау үдерісін үйлестірді. Бұған қоса мобильді топтар да болды. Бақылау барысында қандай да бір заңға томпақ әрекет тіркелген жоқ, – деді брифингке қатысқан Ауған ардагерлері үйлестіру кеңесінің мүшесі Мақсат Мамадияров.

«Ер Азамат» қоғамдық бір­лестігінің өкілі Алина Кан дауыс беру үдерісінің бел ортасында жүрген байқаушылардан сағат сайын ақпарат алып отырға­нын, референдумға дайындық кезеңінде байқаушылардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыс жүйелі жүргізілгенін, олар референдум аяқталып, дауыстарды санау кезінде де сонда болғанын атап өтті.

Сондай-ақ қоғам қайраткері Андрей Андреев қоғамның са­я­­си белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі артқанын, референдум барысының ашық­тығы барынша сақталғанын жеткізді.

Дауыс беру үдерісі аяқтал­ғаннан кейін тәуелсіз байқау­шылардың Ақпараттық шта­бының қорытынды брифингі өтті. Штабқа 30-дан аса тәуелсіз журналист тартылған. Эфир барысы мен жедел қосылымдарды миллионнан аса пайдаланушы тамашалаған болса, штаб алаңынан тараған мәліметтер 20-дан аса бұқаралық ақпарат құралында жарияланды.

Штаб өкілдерінің айтуынша, қоғамдық-саяси үдерістер туралы осындай жедел ақпарат беру форматы ашықтықты арттырып, қоғаммен еркін диалог орнату мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды

Референдум • Бүгін, 08:40

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Референдум • Бүгін, 07:50

Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

Президент • Бүгін, 03:15

Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты

Президент • Бүгін, 03:10

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Теннис • Бүгін, 02:51

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Президент • Бүгін, 02:23

Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды

Референдум • Бүгін, 02:05

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Референдум • Бүгін, 01:58

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Референдум • Бүгін, 01:03

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:40

Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Референдум • Бүгін, 00:25

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Бокс • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью