Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақсай өзені жағалауын су шайып кетуі салдарынан Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақсай өзені жағалауын су шайып кетуі салдарынан Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік ақпаратынша, бүгін 2 шілдеде сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы "Ақсай карьері" ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыған.
"Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде жіберілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр", - делінген хабарда.
Қазіргі уақытта инженерлік және қалпына келтіру жұмыстары кешенді түрде атқарылуда. Жұмысқа барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
"Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұл шешім қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Алматы облысының қалған аудандарында жағдай тұрақты", - деді әкімдік.
Әкімдік мәліметінше, жүргізіліп жатқан жұмыстар Алматы облысының әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
Бұл ретте әкімдік тұрғындарды сабыр сақтауға, уәкілетті органдардың ұсыныстарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу