АҚШ 199 венесуэлалықты депортациялады

18.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ билігі 199 венесуэлалықты елден шығарды. Рейтердің хабарлауынша, олардың арасында 18 әйел бар. 

Мигранттарды алып кеткен ұшақ Симон Боливар атындағы халықаралық әуежайға қонды. Шетел азаматтарын қайтару жұмыстары арнайы бағдарлама аясында іске асырылып отыр. Тұрғындарға тегін билет, медициналық, психологиялық және заң көмегі көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп билікке келгелі АҚШ-та көші-қон саясаты барынша қатаңдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью