АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн мен Максвелл ісі бойынша 3,5 млн беттік құжатты жариялады

31.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл жазба президент Дональд Трамп 2025 жылдың 19 қарашасында қол қойған Джеффри Эпштейн файлдарының ашықтығы туралы заңға сәйкес жарияланды.

- Бүгін біз құжаттардың 3 миллионнан астам бетін, соның ішінде 2 мыңнан астам бейнежазба мен 180 мың суретті жариялап жатырмыз. Жалпы алғанда бұл министрліктің заңға сәйкес шамамен 3,5 млн бет ұсынғанын білдіріп отыр, - деп мәлімдеді Бланш.

Ол бейнелер мен суреттерге тек Эпштейн немесе оның айналасындағылар түсірген материалдар ғана емес, сонымен қатар Эпштейннің құрылғыларынан тәркіленген коммерциялық порнографияның айтарлықтай мөлшері де кіретінін нақтылады. Бұл ретте кейбір материалдарды шынымен де Эпштейннің өзі немесе оған жақын адамдар жасаған.

Оның айтуынша, Нью-Йорктің үш округі мен Флоридадағы Әділет министрлігі, ФТБ және АҚШ прокуратурасының әртүрлі бөлімшелерінен 500-ден астам заңгер мен маман құжаттарды жариялау үшін 75 күн жұмыс істеді. Қызметкерлер демалыс күндері, Рождество және Жаңа жыл мерекелерінде жұмыс істеген.

Бастапқыда іске қатысы бар болуы мүмкін электрондық хат жазысу, жауап алу хаттамалары, суреттер және бейнелерді қоса алғанда 6 млн-нан астам беттен тұратын ықтимал материалдар жиналды. Көп деңгейлі тексерістен кейін жариялау үшін 3 млн-нан астам бет жіберілді.

Ол жәбірленушілердің жеке ақпараты мен медициналық жазбалары бар құжаттар, балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетудің суреттері, жүргізіліп жатқан тергеулерге зиян келтіруі мүмкін материалдар, өлім, физикалық зорлық-зомбылық көрсету немесе дене жарақатын салу суреттері және заңды құпиялылықпен қорғалатын ақпараттың жарияланбағанын нақтылады. Бланш заң бұған рұқсат берсе де ұлттық қауіпсіздік немесе сыртқы саясат себебі бойынша бірде-бір құжаттың жасырынбағанын атап өтті.

Жәбірленушілерді қорғау үшін Гислейн Максвелден басқа барлық әйелдің фотосуреттері мен бейнелері өңделді. Ер адамдардың суреттері әйелдерді жасыру үшін қажет болған жағдайдан басқа жерде өңделген жоқ.

Әлеуетті редакциялық қателіктерді тез арада түзету үшін Әділет министрлігі жәбірленушілерге тікелей пікірлер мен сұрақтар қоюға арналған арнайы электрондық пошта мекенжайын құрды.

Еске сала кетсек, педофилия үшін сотталып, түрмеде қайтыс болған ықпалды бизнесмен Эпштейннің ісі президент Дональд Трамптың екінші мерзіміндегі ірі саяси жанжалдардың біріне айналды.

Эпштейн көптеген ықпалды адамдар және саясаткерлермен, соның ішінде Трамптың өзімен, сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен және басқа да көптеген адамдармен достық қарым-қатынаста болды.

Бұған дейін АҚШ Әділет министрлігінің сайтынан кемінде 13 фото жойылып кеткені хабарланды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью