АҚШ ағаш өнімдеріне тариф енгізеді

15.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АҚШ ағаш өнімдеріне тариф енгізеді. Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй басшысы елге әкелінетін ағаш материалдарына және жұмсақ жиһаз түрлеріне 25 пайыз көлемінде баж салығы салынатынын айтты. Ол бұл шешімді ұлттық қауіпсіздік пен ішкі өндірісті қорғау шарасы деп түсіндірді. Америкалық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келер жылы кейбір ағаш өнімдеріне салынатын тариф мөлшері 30 пайызға, ал жиһаз бұйымдарына 50 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Ендігі мәселе баж салығы тұрғын үй құрылысына, одан әрі баспана бағасына әсер етеді деп отыр мамандар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью