Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ аргентиналық сиыр етіне төмен тарифтік квотаны төрт есеге, 80 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Бұған дейін АҚШ сиыр етінің негізгі бөлігін Бразилиядан алып келді. Бұл жолы Ақ үй бразилиялық өндірушілерге жаңа жоғары тариф енгізді.
Трамп әкімшілігі шешімді ет тапшылығын жеңілдетіп, бағасын төмендету мақсатында қабылданды деп түсіндірді. Қазір Аргентина етті негізінен Қытайға экспорттайды, енді жаңа квота арқылы нарық таңдауда еркіндік бар. АҚШ-та бір тонна еттің бағасы шамамен 8 мың доллар болса, Қытайда 4 мың доллар шамасында. Сала өкілдері: "Жаңа шешім Аргентина экономикасына серпін береді", - деп отыр.