АҚШ әскері Сириядағы ең ірі базасынан шығарылып жатыр

24.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Телеарна тілшісінің мәліметінше, әскерилер Ирак Күрдістанына бағытталып жатр. Дайындық кезеңінде Хасакадағы «Әл-Шаддади» базасы мен Дейр-эз-Зор провинциясындағы «Әл-Омар» аэродромынан ондаған әскери техника мен сарбаз Касракқа көшірілген.

АҚШ әскері «Әл-Шаддади» базасындағы миссиясын 10 күннен астам уақытқа созылған операциядан кейін толық аяқтады. Кейін нысан Вашингтонмен тікелей келісім негізінде Сирия армиясының бақылауына өтті.

Бұған дейін америкалық күштер Аль-Танф базасынан да шығарылған еді. Ол Иордания және Ирак шекарасына жақын орналасқан. Қазіргі таңда америкалық және халықаралық коалиция күштері Хасака провинциясының солтүстік-шығысындағы, Рмилан қаласына таяу Хараб әл-Джир базасында ғана қалып отыр.

Бұған дейін АҚШ ресми тұлғалары Сирия аумағынан шамамен 1000 әскери қызметкерді шығару жоспары бар екенін растаған.

Осыған дейін АҚШ-тың Сириядан барлық әскерін шығаруды жоспарлап отырғаны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью