Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АҚШ Әділет министрінің орынбасары Тодд Бланш қазіргі уақытта азаматтық құқықтардың бұзылуына байланысты тергеу бастауға жеткілікті дәлелдер жоқ екенін айтты.
Еске салайық, оқиғадан кейін Миннеаполис қаласында жаппай наразылық акциялары басталған. Қайғылы жағдай Миннесота штатындағы иммиграциялық қызметтің миграциялық заңнаманы сақтау жөніндегі іс-шарасы кезінде болған.
АҚШ билігінің мәліметінше, иммиграциялық қызметтің маманы автокөлікпен өзін қағып кетпек болды деген күдікпен әйелге оқ атқан. Оқиға Миннеаполис қаласында тіркелген.
CBS телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқан адам – 37 жастағы ақын, жергілікті тұрғын, АҚШ азаматы Рене Гуд.
Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, инцидент АҚШ Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) әрекеттеріне қарсы өтіп жатқан наразылық акциясы кезінде болған.
АҚШ президенті Дональд Трамп марқұм әйел ICE қызметкеріне «саналы және агрессивті түрде» көлігін бағыттағанын мәлімдеді.
Алайда BBC жариялаған бейнежазбада көлікпен қағу сәті анық байқалмайды. Куәгер түсірген видеода иммиграциялық қызмет өкілдері жол талғамайтын көлікке жақындап, рөлдегі әйелге көліктен шығуды бұйырғаны көрінеді. Агенттердің бірі жүргізуші жағындағы есіктің тұтқасын тартады, ал екіншісі көліктің алдыңғы бөлігінде тұрады.
Дәл осы сәтте жол талғамайтын көлік орнынан қозғала бастағанда, агент оқ атқан. Екі немесе үш рет оқ дауысы естіліп, көліктің басқарудан шығып, жақын маңда тұрған автокөлікке соғылғаны байқалады.
Сәрсенбі және бейсенбі күндері Миннеаполис пен Миннесотаның өзге де қалаларында иммиграциялық қызмет пен Трамп әкімшілігінің саясатына қарсы наразылық шерулері өтті. CBS жергілікті бөлімшесінің мәліметінше, ICE қызметкерлері шерушілерге қарсы бұрышты газ қолданып, адамдарды күштеп ығыстырған.
Рене Гудтың қазасынан кейін штатта жаңа наразылық акциялары басталды. Басылымдардың жазуынша, Миннеаполисте тұрғындар қайғылы оқиға болған жерде орнатылған бейресми мемориал маңына жиналған.
Айта кетейік, АҚШ-та шамамен 15 мың медбике ереуілге шықты.