Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. АҚШ Ұлттық барлау басқармасының кеңсесі 30-дан астам елдегі 120-дан астам биологиялық зертхананы АҚШ үкіметі қаржыландырғанын растайтын құжаттарды жариялағанын мәлімдеді.
"Барлау қауымдастығының архивтері мен материалдарын бірнеше ай бойы зерттегеннен кейін Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард 30-дан астам елдегі 120-дан астам биологиялық зертхананы АҚШ үкіметі ұзақ жылдар бойы қаржыландырғанын растайтын жаңа деректерді жариялап отыр", – делінген ведомствоның хабарламасында.
АҚШ Ұлттық барлау құжаттарына сәйкес, Украина аумағындағы зертханаларда сібір жарасы, туляремия, Эбола вирусы, оба және басқа да қауіпті патогендер сақталған.