Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. АҚШ жақын арада Украинадағы қақтығысты реттеу процесіне серпін беруге мүмкіндік бар-жоғын анықтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
"Алдағы бірнеше аптада біз екі тарап арасындағы келіссөзді қайта бастауға және осы қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік бар-жоғын анықтауға күш саламыз. Біз екі жақтың да өздері үшін маңызды, өзгермейтін талаптары бар екенін түсінеміз", – деді Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Ресей президенті Владимир Путин 28 маусымда Иранға қатысты жағдайдың шиеленісті кезеңі аяқталғаннан кейін Украина мәселесі бойынша АҚШ-пен келіссөзді жалғастыруға мүмкіндік болатынын айтты. Оның сөзінше, Ресей бұған дейін талқыланған барлық мәселе бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге дайын екенін, бірақ қажет болған жағдайда әскери іс-қимылды жалғастыруға да мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.