АҚШ босқындарды қабылдау шегін жылына 125 мыңнан 7 500 ге дейін қысқартады

31.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Салыстыру үшін, 2024 жылы Джо Байден әкімшілігі босқындарды жыл сайын қабылдау шегін 125 000 адамға дейін белгілеген болатын. Ал Трамп өз бірінші президенттік мерзімінің соңында, 2020 жылы, шекті көрсеткішті 15 мың адамға қойған.

Трамп өз қызметіне кіріскен алғашқы күнінде осы бағдарламаны тоқтатқан, содан бері АҚШ-қа келуші босқындардың саны азаайған, негізінен африканерлер — XVII ғасырдан бастап Оңтүстік Африкаға қоныс аударған еуропалық колонизаторлардың ұрпақтары, деп хабарлайды CNN.

Трамп әкімшілігі ақ нәсілді фермерлердің Оңтүстік Африкада нәсілдік дискриминация мен зорлыққа тап болатынын алға тартады. Ал ел билігі бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Десе де Трамп украин босқындарына АҚШ-та қалуына рұқсат беруі мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью