АҚШ бүгін Иранға үлкен соққы жасамақ

07.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 7 наурыз-Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "бүгін" ауыр соққы жасайтыны туралы, Truth Social парақшасында жазды.

Ол сондай-ақ Иран Таяу Шығыста "жеңіліске ұшырады" және ол берілгенге немесе толық күйрегенге дейін ондаған жылдар бойы солай болады, деп мәлімдеді

Айтуынша, бұрын АҚШ нысаны ретінде қарастырылмаған аймақтар мен тұлғаларға соққы жасау жоспарланып отыр.

"Олар Таяу Шығысты басып алып, оны басқаруға тырысты. Бұл Иранның көршілес Таяу Шығыс елдерінен мыңдаған жылдар ішінде бірінші рет ұтылуы. Олар: "рахмет, президент Трамп", - деді. Иран енді "Таяу Шығыстың бұзақысы" емес, оның орнына Таяу Шығыста "жеңіліске ұшырады" және ол берілгенге немесе толық күйрегенге дейін ондаған жылдар бойы солай болады",- деп жазды Трамп.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью