Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Дипломатиялық миссия мәліметінше, шектеулер АҚШ-тың Аданадағы Бас консулдығы округіне кіретін 22 провинцияға қатысты. Шешім өңірдегі қауіпсіздік тәуекелдері мен әскери белсенділікке байланысты қабылданған.
Шектеу енгізілген провинциялар қатарында Адана, Адыяман, Батман, Бингөл, Битлис, Диярбакыр, Элязыг, Газиантеп, Хаккяри, Хатай, Мерсин, Килис, Кахраманмараш, Малатья, Мардин, Муш, Османие, Сиирт, Шанлыурфа, Ширнак, Тунджели және Ван бар.
Елшілік мәлімдемесіне сәйкес, қызметкерлерге аталған өңірлерге арнайы нұсқауға дейін бармау тапсырылған.
Сонымен қатар Түркияда жүрген АҚШ азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ресми ақпарат көздерін қадағалау ұсынылған.
Бұған дейін Иракта АҚШ-тың Виктория әуе базасына дрондар шабуыл жасағаны хабарланған болатын.