АҚШ инвесторы Қарағандыдағы ірі кен орындарын игеруге 1,1 млрд доллар құймақ

12.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Еліміздің тау-кен саласына шетелдік инвестиция тарту бағытында жаңа қадам жасалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев америкалық Cove Kaz Capital Group LLC компаниясының бас директоры Доминик Хитонмен кездесіп, Қарағанды облысындағы ірі кен орындарын бірлесіп игеру мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Келіссөздерге «Тау-Кен Самұрық «ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Нариман Абсаметов те қатысты. Тараптар тау-кен өнеркәсібіндегі екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және алдағы даму мүмкіндіктерін саралады. Әсіресе Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық серіктестіктің стратегиялық маңызы мен америкалық компаниялардың ел экономикасына қосып отырған үлесі атап өтілді.

Тау-кен ісінің тәуекелі

Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр Ерсайын Нағаспаев Қазақстан тау-кен саласын дамытуда шетелдік серіктестермен тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен америкалық Cove Capital Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойған. Бұл кен орындары әлемдегі ең ірі қорлардың қатарына жатады.

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Келісімге сәйкес инвестор екі байыту фабрикасы мен бір металлургиялық зауыт салуға 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құяды. Жоба толық іске қосылған кезде мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Онда қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдауға басымдық беріледі.

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды

Құжаттағы маңызды талаптардың бірі – өндірілген шикізат пен жартылай дайын өнімді шетелге тікелей шығаруға тыйым салу. Яғни жоба толық терең өңдеу қағидатына негізделіп, дайын өнімді ел ішінде өндіруге бағытталады.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью