АҚШ Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

09.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Тынышы қашқан Таяу Шығыс аймағындағы әскери шабуыл­дар уақытша тоқтатылды. Бес аптаға созылған қарулы қақтығыстан соң бұрнағы күні кешкісін АҚШ пен Иранның екі апталық бітімге келгені мәлім болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде Пәкіс­танның арағайындығымен екі ап­талық бітімге уағдалас­қанын жазып, Ираннан түскен 10 тармақтан тұратын ұсыныс­ты келіссөздер жүргізуге болатын негіз деп атады. Ол АҚШ Иран аумағына бағытталған барлық шабуылды уақытша тоқтататынын, оның өтемі ретінде Иран Ормуз бұғазын қайта ашатынын мәлімдеді.

Иран жағынан да уақытша мәміле ресми түрде расталды. Тегеран­ның бұл шешімі туралы негізгі ақпараттар Иранның Жоға­ры ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен Сыртқы істер министрлігі тарапынан таратылды. Олар осы қадамды Иранның дипломатиялық әрі стратегиялық жеңісі ретінде сипаттайды.

Жалпы, бұл уақытша келі­сім­ді АҚШ президентінің Иран­ға қойған ультиматумының нәти­жесі деуге болады. Оның белгілен­ген уақыты 7 сәуір күнгі кешкі сағат 20.00-ге дейін еді. Мұның ал­­дында Дональд Трамп осы мер­зім­де Ормуз бұғазын дереу ашу және Вашингтонның шарт­тарына негіз­делген бейбіт келісім­ге келу тала­бы орындалмаса, Иран­ның электр стансалары мен көпір­ле­рін қоса алғанда бүкіл азамат­тық инф­ра­­құ­рылымын жап­пай жою­ға бағыт­тал­ған соққы­лар жаса­латынын ес­кертті. Осы­лай сес көр­сеткен ол та­лап­тар орын­далма­ған жағдайда «тұ­тас бір өрке­ниет жойылуы мүм­кін» деген қатаң мәлімдеме жасады.

Ал бұл қоқан-лоққыдан соң Тегеран тарапы да қарап қал­майтынын, Парсы шығана­ғындағы көршілерінің, ең алдымен Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің энергетикалық инфра­құрылымын нысанаға алатынын ашық ескертті.

Түптеп келгенде, Иран екі­жақты келісімге келуі үшін 10 тармақтан тұратын ұсынысын алға тартты және АҚШ мұны қарастыруға кетәрі болмады. Оның ішінде шабуыл жасамау міндеттемесі, Ормуз бұғазын бақылауды сақтау, уран байыту құқығын тану, санкцияларды толық алып тастау, келтірілген залалдарға өтемақы төлеу, Аме­рика әскерін аймақтан шығару секілді қадау-қадау талаптар бар.

Екі тараптың уақытша келісімге келуіне Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Ша­риф­­тің арағайындығы септігін тигізді. Ол X желісінде Д.Трампты сабырға шақырып, ультиматумды екі аптаға ұзартуды сұрады, сондай-ақ ирандықтарды да ізгі ниет нышаны ретінде бұғазды осы уақыт аралығында ашуға үндеді.

«Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты бейбіт арнаға бұруға бағытталған дипломатиялық іс-қимылдар жүйелі әрі пәрменді сипат алып, жақын арада оң нәтиже беретініне сенім ұялатып отыр. Дипломатиялық миссияның өз мақсатына толыққанды жетуіне мүмкіндік беру үшін мен президент Д.Трамптан белгіленген мерзімді тағы екі аптаға ұзартуды шын ниетпен сұраймын. Өз кезегінде Пәкістан тарапы ирандық бауырларымызды ізгі ниет нышаны ретінде Ормуз бұғазын аталған уақыт аралығына ашуға үндейді. Біз аймақтағы ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесін негізге ала отырып, барлық тарапты екі апта бойы атысты тоқтату режімін қатаң сақтауға шақырамыз», деп жазды. Ш.Шариф.

Бұл ұсыныс екі тараптан да құпталып, қарулы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Екі апталық бітімді соғыстың аяқталуы емес, тараптардың «тыныс алуына» және келіссөз үстеліне отыруына мүмкіндік беретін стратегиялық үзіліс деуге болады. Келісімнің басты шарттарына сәйкес, Иран Ормуз бұғазын қайта ашып, әлемдік энергия тасымалының қауіпсіздігіне кепілдік береді, АҚШ Иран территориясындағы әскери және инфрақұрылымдық нысандарға жасалатын әуе соққыларын тоқтатады.

Осынау жаңалықты ағынан жарыла хабарлаған Ш.Шариф сая­си ерік-жігер танытқан екі елдің басшылығына ризашылығын білдіріп, тараптардың делегацияларын 10 сәуірде, жұма күні Пәкістан астанасы Исламабад төрінде бас қосуға шақырды. Бұл кездесудің басты мақсаты – барлық түйткілді мәселені реттейтін түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу.

Таяу Шығыстағы текетіресті тоқтатуға бағытталған диплома­тиялық келіссөздер барысында Ормуз бұғазының болашақ мәртебесіне қатысты маңызды мәселе көтерілді. «Associated Press» (AP) халықаралық ақпарат агенттігінің аймақтағы сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Иран Ислам Республикасы мен Оман Сұлтандығы бұл стратегиялық су жолы арқылы өтетін кемелерден транзиттік ақы алуды жоспарлап отыр. Тегеран бұл қадамнан түсетін қаражатты әскери қимылдар салдарынан бүлінген елдің инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына жұмсамақ ниетте. Ал Оманның жиналған қаражатты қай бағыт­қа жұмсайтыны әзірге нақты­ланбаған.

Осы орайда Ормуз бұғазының географиялық тұрғыдан қос мемле­кеттің су аумағында орна­лас­қанына қарамастан, бұған дейін бұл теңіз дәлізі халықаралық маңызы бар еркін жол ретінде қарастырылып келгенін айта кеткен жөн. Тиісінше, кемелердің өтуі үшін ешқандай баж салығы немесе қосымша ақы төленбейтін. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама халықаралық теңіз құқығы мен жаһандық сауда қағидаттарына айтарлықтай өзгерістер әкелуі мүмкін. Иран тарапы ұсынған бұл талап 10 сәуірде Исламабадта өтетін жо­ғары деңгейдегі келіссөздердің басты тақырыптарының біріне айналмақ. Әлемдік энергия тасымалының күретамыры сана­латын бұғаздың жаңа экономи­калық тәртіпке көшуі жаһандық мұнай нарығына да өз әсерін тигізбей қоймайды.

Жалпы, екі апталық бітімнің жариялануы әлемдік нарыққа бірден әсер етіп, мұнай бағасының тұрақсыздығы бәсеңдеді. Халық­аралық қауымдастық бұл дипло­матиялық қадамдардан үлкен үміт күтіп отыр. Қазіргідей геосая­си ахуал құбылып тұрған алма­ғайып заманда жаһан жұртына бейбітшіліктен асқан құндылық жоқ. АҚШ пен Иран арасындағы уақытша болса да қол жеткізілген мәміле кез келген күрмеуі күрделі мәселені келіссөз үстелінде шешуге болатынын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Фарабитанудың елеулі белесі

Ғылым • Бүгін, 08:45

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

Әлем • Бүгін, 08:35

Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек

Ғылым • Бүгін, 08:30

Оралда көпір құрылысы басталады

Құрылыс • Бүгін, 08:25

Димаш туралы деректі фильм

Өнер • Бүгін, 08:23

Ақылы жол: Тариф өсті, сапа қайда?

Мәселе • Бүгін, 08:20

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10

Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме

Саясат • Бүгін, 08:08

Туристік маусымға әзірлік жайы талқыланды

Туризм • Бүгін, 08:05

Сенатор Моңғол елшісімен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:02

Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды

Саясат • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью