Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ-тың ресми тұлғалары Конгрестегі жабық брифингте Минаб қаласында орналасқан қыздарға арналған мектепке соққы жасағанын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Фото: Abbas Zakeri / Reuters
Вашингтон бастауыш мектепке жасалған соққы салдарынан 171 оқушы қыздың қаза тапқанына Израильдің қатысы жоқ екенін айтты.
Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ әскерінің тергеушілері Ирандағы мектепке жасалған соққыны америкалық әскери күштер жүзеге асырған деген қорытындыға келген. Агенттік атап өткендей, әзірге қорытынды нұсқа жасалған жоқ, тергеу ресми түрде аяқталмаған.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының өкілі бұл оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқандықтан, «жағдайға қатысты пікір білдіру орынсыз болатынын» мәлімдеді.
Айта кетейік, Иранның Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке соққы 28 ақпанда, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясының алғашқы күні жасалған. Елдің Білім министрлігінің мәліметінше, кемінде 175 мұғалім мен оқушы қыз қаза тапқан.
Пентагон басшысы Пит Хегсет америкалық әскери күштер ешқашан азаматтық нысандарға шабуыл жасамайтынын атап өтіп, мектепке жасалған соққы жан-жақты тергеліп жатқанын айтты.
Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, Тегеран кінәлілерді анықтап, жауап шараларын дайындап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Саясат • Бүгін, 21:20
Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады
Оқиға • Бүгін, 20:28
Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды
Президент • Бүгін, 19:30
Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?
Оқиға • Бүгін, 18:32
Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады
Ата заң • Бүгін, 18:15
Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:52
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым • Бүгін, 14:18
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 14:03
Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты
Қаржы • Бүгін, 13:55
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
Халық • Бүгін, 13:36
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 13:19
Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт
Ата заң • Бүгін, 13:07
LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды
Елорда • Бүгін, 12:57
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды
Қаржы • Бүгін, 12:33
Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды
Спорт • Бүгін, 12:14