Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Таяу Шығыстағы АҚШ әскерилері Иранның бірнеше танкеріне соққы жасады. АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл кемелер Ислам революциясы күзеті корпусымен (ИРКК) байланысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы телеарнаға жағдайдан хабардар Вашингтондағы дереккөз хабарлады.
Оның түсіндіруінше, соққылар ИРКК-ның аймақтағы америкалық кемеге шабуыл жасау әрекеттеріне жауап ретінде берілген. Оның айтуынша, Иранның шабуылдары діттеген жеріне жетпеген және америкалық әскери қызметшілер арасында зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, ИРКК АҚШ соққыларына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі мұнай танкерлеріне шабуыл жасайтынын айтып, сес көрсетті.
"Америкалық әскерилердің Иранның бірнеше мұнай танкеріне қарсы бағытталған іс-қимылдарынан кейін, біз осы күштерді қабылдайтын және олардың әрекеттеріне қатысы бар Кувейт пен Бахрейн порттарындағы барлық мұнай танкерінің экипаждарына ескертеміз: зәкірде немесе айлақта тұрғанына қарамастан, кемелеріңізден дереу кетіңіздер, себебі олар шабуыл нысанына айналады", - делінген мәлімдемеде.
Кейінірек АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық күштердің Иранның шикі мұнай таситын бес танкерін жойғанын растап, әлеуметтік желілерде видео жариялады.
CENTCOM күштері 8 қыркүйекте Ислам революциясы күзеті корпусы (ИРКК) соңғы екі күнде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери кемесіне баллистикалық зымырандармен екі рет шабуыл жасағаннан кейін Иранның шикі мұнай таситын бес кемесін жойды. АҚШ-тың әскери кемесі Иранның шабуыл әрекеттерінен сәтті жалтарып... pic.twitter.com/Gi8a2tloN1
— АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) September 8, 2026
Тағы оқыңыз: Иран Ормуз бұғазы толық жабылғанын мәлімдеді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу