Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: independent.co.uk
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдары алтыншы түн қатарынан жалғасып жатыр. CENTCOM өкілдерінің айтуынша, бұл операциялардың негізгі мақсаты – Иранның әскери әлеуетін одан әрі әлсірету.
Иран АҚШ-тың Бахрейн мен Кувейттегі әскери базаларына соққы жасады
Иранның Press TV мемлекеттік телеарнасы шабуылдардың әскери емес, азаматтық нысандарға бағытталғанын мәлімдеді. Оның ішінде Хормозган провинциясындағы үш көпірдің соққы астында қалғаны белгілі болды. Бұдан бөлек Парсы шығанағында Киш аралындағы электр қосалқы станциясына, Бандар-Аббас қаласындағы тұрғын ауданға, Бандар-Аббас пен Ираншахр қалаларының әуежайлары маңына да шабуыл жасалған. Шабуыл салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған.
AFP агенттігінің мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы қарымта жауап ретінде аймақтағы америкалық әскери нысандарға соққылар бағыттаған.