Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. АҚШ Иранға қарсы ауқымды операция бастады, дәп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлады.
"Біраз уақыт бұрын Америка Құрама Штаттарының қарулы күштері Иранда ірі әскери операцияларды бастады", - деді Трамп.
Бұған дейін Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға қарсы алдын алу соққыларын бастағанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, Иранның Fars ақпарат агенттігі Жоғарғы көшбасшының резиденциясы мен президент сарайының маңында жеті зымыран соққысы болғанын хабарлады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қауіпсіз жерге жеткізілген.
Агенттік бұған дейін соққылар Тегеранның оңтүстігіндегі бірнеше министрлікке бағытталғанын мәлімдеген. Иран Израильге қарсы жауапты соққыларға дайындалып жатыр.