Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бастапқыда ирандық тарап оның F-35 жойғышы екенін хабарлағанымен, The Aviationist басылымы сынықтарды талдау нәтижесінде бұл ұшақтың F-15E Strike Eagle жойғыш-бомбалаушысы екенін анықтағанын жазды.
Басылым мәліметінше, ұшақ экипажының екі мүшесі де катапульта арқылы шығып үлгерген. Алайда АҚШ әзірге олардың біреуін ғана тапқан, екіншісі із-түзсіз жоғалғандар қатарында қалып отыр.
Сонымен қатар ирандық тарап ұшқыштың қолға түскенін ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен билік оны ұстауға көмектесетіндерге сыйақы жариялағаны айтылып жатыр.
Сол күні кейінірек The New York Times америкалық екі ресми тұлғаға сілтеме жасап, Ормуз бұғазы маңында A-10 Warthog шабуылдаушы ұшағының құлағанын хабарлады. Ұшақ пилоты аман қалып, құтқарылған.
Осылайша АҚШ бір күн ішінде бірден екі әскери ұшағынан айырылып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай аймақтағы әскери шиеленістің күрт күшейгенін көрсетеді.
Дегенмен Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) ұшқыштардың бірін тұтқынға алғанын мәлімдеді.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп атып түсірілген америкалық ұшақтың Иранмен келіссөздерге әсер етпейтінін мәлімдеді.
– Жоқ, мүлде әсер етпейді... біз соғыс жағдайындамыз, – деді Трамп.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ тарапы бір ұшқышты құтқарғанын растады, ал екінші экипаж мүшесіне қатысты қарама-қайшы ақпарат тарады. Оның қолға түскені айтыла бастады. АҚШ бұл ақпаратты ресми түрде әлі толық растаған жоқ.
Еске сала кетейік, жуырда Қырымда ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам мерт болды.