Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды 10 күнге, яғни 6 сәуірге дейін тоқтататынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауды 10 күнге, яғни 6 сәуірге дейін тоқтататынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Америка көшбасшысы The Truth әлеуметтік желісінде жазды.
"Иран үкіметінің өтініші бойынша, мұны энергетикалық нысанды жою мерзімін 2026 жылдың 6 сәуірі, дүйсенбі күні, шығыс уақыты бойынша кешкі сағат 8:00-ге дейін 10 күнге тоқтата тұру туралы мәлімдемем деп санаңыздар", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөз процесінің жалғасып жатқанын хабарлады.
"Келіссөздер жалғасып жатыр және "жалған жаңалықтар" мен басқа да дереккөздердің керісінше айтқан мәлімдемелеріне қарамастан, олар өте сәтті өтіп жатыр", - деп толықтырды Ақ үй басшысы.
Бірнеше күн бұрын Трамп апта бойы жалғасуы тиіс сындарлы келіссөздер аясында Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасауды бес күнге шегеруді бұйырғанын мәлімдеген болатын. Ол тиісті тапсырманың Соғыс министрлігіне берілгенін нақтылады.
Бұған дейін бейсенбіде, 26 наурызда, Америка көшбасшысы 28 ақпанда басталған соғыстан бергі министрлер кабинетінің алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде Вашингтонның Иранға қарсы әскери операциялары кестеден "айтарлықтай" озық жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар ол Иранды меңзеп: "Мәміле жасасуды мен емес, олар өтініп отыр", - деп атап өтті.
Оның айтуынша, Тегеран уағдаластықтарға қол жеткізуге мүдделі, бірақ ішкі тәуекелдерге байланысты мұны жария түрде мойындамайды.
Ал Иранның ресми тұлғалары АҚШ-пен қандай да бір келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды.