АҚШ Иранның Харк аралын басып алу немесе оны қоршау мүмкіндігін қарастырып жатыр Axios

20.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл туралы жұма күні дереккөздеріне сілтеме Axios басылымы жасап хабарлады, деп жазады BBC. Харк аралы арқылы Иран мұнай экспортының шамамен 90 пайызы өтеді.

Бұған дейін АҚШ арал аумағына соққы жасаған. Ол кезде Дональд Трамп мұнай тасымалына қатысты инфрақұрылым нысанаға алынбағанын, соққылар тек әскери объектілерге бағытталғанын айтқан. Иран тарапы да мұнай инфрақұрылымына зақым келмегенін мәлімдеді.

Алайда Иран жағалауынан 24 шақырым жерде орналасқан аралды басып алу операциясы америкалық күштерді тікелей қауіпке тігуі мүмкін. Axios дереккөздерінің айтуынша, мұндай қадамға тек Ормуз бұғазы маңындағы Иранның әскери әлеуеті әлсірегеннен кейін ғана бару жоспарланып отыр.

- Бізге шамамен бір ай керек — соққылар арқылы ирандықтарды әлсіретіп, аралды басып алып, кейін оны келіссөздерде қысым құралы ретінде пайдалану үшін, — дейді Ақ үй ұстанымымен таныс дереккөздердің бірі.

Мұндай операция мақұлданса, АҚШ өңірдегі әскер санын арттыруы мүмкін. Қазірдің өзінде теңіз жаяу әскерінің үш бөлімшесі аймаққа жіберіліп жатыр. Сонымен қатар Ақ үй мен Пентагон қосымша күштерді орналастыру мүмкіндігін қарастырып отыр.

- АҚШ әр президент тұсында қақтығыстарға құрлық әскерін тартқан. Бұл тақырыптың саясиланып кеткенін түсінемін, бірақ президент өзі дұрыс деп санаған шешімді қабылдайды, — дейді тағы бір дереккөз.

Сонымен бірге Axios атап өткендей, Харк аралы Иранның мұнай саласы үшін стратегиялық маңызға ие болғанымен, оны басып алу Тегеранды Трамп ұсынған шарттармен келіссөзге мәжбүрлейді деген нақты кепіл жоқ.

АҚШ Ормуз бұғазы мен Харк аралын бақылауға алу үшін құрлық әскерін күшейтпек.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью