АҚШ Кариб теңізіндегі бақылауын күшейтті

27.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АҚШ Кариб бассейніндегі әскери белсенділігін арттырып жатыр.

Ньюсуик ((Newsweek)) басылымының хабарлауынша, АҚШ Венесуэла шекарасына тағы бес әскери ұшақ жіберген. Бұл  Эм-Си 130 Джей ((MC-130J)) үлгісіндегі арнайы ұшақтар. Әдетте қарсылас аумағына жасырын кіру, әскерилерді эвакуациялау немесе әуедегі тікұшақтарға жанармай жеткізу сынды құпия операцияларда қолданылады. АҚШ-тың аймақтағы бақылауды күшейтуі тамыздан бері жалғасып келеді. Ол кезде Вашингтон Венесуэла жағалауына әскери және десанттық кемелерді, сондай-ақ Джеральд Форд ((Gerald R. Ford)) ұшақ тасығыш кемесінің жетекшілігіндегі ірі соққы тобын орналастырған еді. Ал қарашада бұл аймақтағы американдық әскер саны 16 мың адамға жетті. Бүгінде екі тараптың қарым-қатынасы күрделі. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта әскерін құрлыққа да өткізуі мүмкін екенін айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью