Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Агенттік бұдан артық мәлімет бермеді.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанмен шииттік «Хезболла» ұйымын қарусыздандыру және жанжалды «тезірек» шешу туралы тікелей келіссөздер жүргізуге бұйрық бергенін мәлімдеген. Axios тілшісі Барак Равид бұл келіссөздер келесі аптада Вашингтонда өтуі мүмкін екенін хабарлады.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сәрсенбі күні Израильдің сол күні Ливан аумағына жасаған жаппай соққыларын қатаң айыптады.
Жалпы Израиль тек Ливанды бомбалап жатқан жоқ. Сондай-ақ Газа секторына да шабуылын жалғастырып жатыр. Соңғы 40 күннің ішінде шабуылдар 36 рет тіркелген.