Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Трамптың айтуынша, олар жақында АҚШ-тың ең ірі қорғаныс компанияларымен өте нәтижелі кездесу өткізген. Онда қару-жарақ өндірісі мен өндірістік кестелер мәселелері талқыланыпты.
– Кездесу барысында компаниялар «жоғары деңгейлі» қару-жарақ өндірісін төрт есеге арттыруға келісті, өйткені біз мүмкіндігінше қысқа мерзімде өндіріс көлемін ең жоғары деңгейге жеткізуді көздеп отырмыз, – деді америкалық көшбасшы.
Оның сөзіне сүйенсек, өндірісті кеңейту жұмыстары бұл кездесуден үш ай бұрын басталған екен. Қазіргі уақытта осы санаттағы көптеген қару түрлерін шығаратын зауыттар толық қуатында жұмыс істеп жатыр.
– Бізде, мысалы, Иранда қолданылып жатқан, сондай-ақ жуырда Венесуэлада пайдаланылған орта және жоғары орта санаттағы оқ-дәрілердің іс жүзінде шексіз қоры бар, – деді Трамп.
Дегенмен ол соған қарамастан, АҚШ қару-жарақтың бұл түрлеріне берілетін тапсырыстар көлемін де ұлғайтқанын атап өтті.
Іс-шараға BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon компанияларының бас директорлары қатысқан.
Кездесу қорытындысы бойынша екі айдан кейін тағы бір кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ АҚШ президенті елдің әртүрлі штаттары жаңа зауыттарды өз аумағында орналастыруға өтінім беріп жатқанын жеткізді.
Еске сала кетсек, 20-дан астам штат Трамп енгізген жаңа тарифтерге қатысты сотқа шағымданды.