АҚШ конгрессінің өкілдері Данияға барды

16.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жаһаннан бірер ақпар АҚШ Конгресінің өкілдері Данияға барды. Бұған президент Дональд Трамптың осы елге тиесілі Гренландияны иемденуге талпынысы себеп. 

Мәселен, америкалық заң шығарушы орган өкілдері Ақ үй басшысының саясатына қарсы. 11 адамнан тұратын делегация Дания премьер-министрімен және Гренландия үкімет басшысымен кездесіп, мәселені талқыламақ. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ, Дания және Гренландияның ресми өкілдері Вашингтонда келіссөз өткізген. Алайда ол нәтижесіз аяқталды. Кейін еуропалық мемлекеттер алып аралға әскерін жібере бастады. Алайда Ақ үй бұл әрекеттер Трамптың жоспарын өзгертпейді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью