Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. АҚШ Конгресінің мүшесі Анна Паулина Луна Украина бойынша бейбіт келіссөз жалғасып жатқанын айтты.
"Бейбіт келіссөз жалғасып жатыр және бұл келіссөз қатысушы барлық елге үлкен пайда әкеледі", -деп жазды Луна X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Украинадағы қақтығысты аяқтауға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар ол Киев бейбіт келісім жасауға әзір емес екенін атап өтті.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 18 ақпанда Ресейдің Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі АҚШ ұстанымын жоғары бағалайтынын айтқан.