24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АҚШ күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде тағы бір қайықты нысанаға алып, суға батырып жіберді. Пентагон соққы «Оңтүстік найза» операциясының аясында жасалғанын хабарлады.
Қайық есірткі контрабандасының белгілі бағытымен жүріп, заңсыз жүкті жасырын тасымалдауға тырысқан деді әскерилер. Қайықта болған үш адамның екеуі опат болды, бірі аман қалды. АҚШ «Оңтүстік найза» операциясын былтырғы жылдың аяғында бастаған еді. Содан бері америкалық күштердің соққыларынан 100-ден астам адам көз жұмды.