АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне соққы жасайды

10.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне қарсы қысымды күшейтіп жатыр.

Президент Дональд Трамптың айтуынша, американдық әскерилер енді олардың құрлықтағы жасырын орындарын да нысанаға алады. Трамп қыркүйекте аймақтағы есірткі тасымалына қарсы кең ауқымды науқан бастаған еді. Сол уақыттан бері оны теңіз арқылы жеткізу көлемі 94 пайызға азайған. Бұған дейін АҚШ Тынық мұхиты мен Кариб теңізінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген 23 кемеге соққы беріп, 87 адам қаза тапты. Ал Венесуэла АҚШ осы елдегі билікті төңкеру үшін есірткіні желеу етіп отыр дейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью