АҚШ Мемдепартаменті Сауд Арабиясынан дипломаттардың бір бөлігін шығаруды тапсырды

09.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

8 наурыздағы нұсқаулықта төтенше міндеттерге тартылмаған қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері туралы айтылған. Бұл жөнінде 9 наурыз, дүйсенбі күні жарияланған елшілік хабарламасынан мәлім болды.

— Бұл түзету 2026 жылғы 3 наурызда берілген АҚШ үкіметінің төтенше міндеттерге қатысы жоқ қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне Сауд Арабиясынан кетуге рұқсат берген Мемлекеттік департамент шешіміне өзгеріс енгізеді. Шара қауіпсіздікке байланысты қабылданып отыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 3 наурыз күні АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалық азаматтарды Таяу Шығыстағы оннан астам елден шұғыл түрде кетуге шақырған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью