АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарына Ресейден тез арада кетуді ескертті

06.01.2026

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарын Ресейден шұғыл түрде шығып кетуге шақырды. Ресейде қалатын адамдарға өсиет хат жазып, сақтандыру құжаттарын дайындап қою ұсынылды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты upl.uz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ билігі америкалықтарға Ресейге бармауға кеңес берді. Ресей үшін қауіптің ең жоғары – төртінші деңгейі бекітілді, бұл сапарларға тыйым салу дегенді білдіреді. Барлық ұсыныстар теракт қаупі мен заңсыз ұстау қатерлеріне байланысты беріліп отыр.

Бұған дейін өзбек саясаткері, «Миллий тикланиш» партиясының басшысы Әлішер Қадыров та өзбекстандықтарды Ресейден шұғыл түрде шығып кетуге шақырған болатын. Саясаткер Ресей арнайы қызметтері Орталық Азия елдерінен келгендер Ресейдегі ықтимал тәртіпсіздіктердің қатысушысы болуы мүмкін деп болжайтынын, сол себепті олар мигранттардың пайдасынан бас тартуға дайын екенін атап өткен. Қадыровтың сөздері қоғамда түрлі пікір тудырды. Дегенмен, АҚШ-тың өз азаматтарына берген ескертулерін ескерсек, нақты қауіптің бар екенін аңғаруға болады.
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью