Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген операциясы кезінде 32 кубалық азамат көз жұмды.
Бұл туралы Куба билігі хабарлады. Осыған байланысты ел президенті Мигель Диас-Канель қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, 2 күндік аза тұту жариялады. Айта кетейік, 3 қаңтар күні АҚШ Венесуэлада ірі әскери операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен жұбайы Силия Флоресті тұтқындаған еді. Қазір олар заңсыз есірткі саудасы мен лаңкестікке байланысты айыптармен Нью-Йорк түрмесінде федералды сот отырысын күтіп отыр.