Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Агенттік мәліметінше, ықтимал нұсқалардың бірі — Ормуз бұғазы үстінен бақылау орнату. Бұл негізінен теңіз және әуе күштері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, алайда бұғаз жағалауын бақылауға алу үшін құрлық әскерлері қажет болуы ықтимал.
Екінші ықтимал нұсқа — Харк аралын басып алу. Бұл арал арқылы Иранда өндірілетін мұнайдың шамамен 90%-ы экспортталады. Алайда бұл жоспар өте қауіпті деп бағаланып отыр, өйткені арал Иранның зымырандары мен дрондарының қолжетімді аймағында орналасқан. Сонымен қатар, АҚШ қоғамында Иранмен соғыс қолдау таппайды, ал ықтимал шығындар әкімшіліктің ішкі саяси жағдайын ушықтыруы мүмкін.
Бұдан бөлек, АҚШ құрлық әскерін Иранның жоғары деңгейде байытылған уран қорларын бақылауға алу үшін пайдалану мүмкіндігін де қарастырып отыр.
Келесі аптада аймаққа шамамен 2000 адамнан тұратын теңіз жаяу әскерінің экспедициялық тобы келуі тиіс. Дегенмен Reuters дереккөздерінің айтуынша, қазіргі уақытта әкімшілік бұдан да көп күш жіберу мүмкіндігін талқылап жатыр.
Бірақ Пентагон бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ирандық Харг мұнай торабындағы әскери нысандарды атқылағанын жаздық.