Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ-тың Ирандағы виртуалды елшілігі Америка азаматтарына Ислам Республикасы аумағынан тез арада кету туралы үндеу тастады. Бұл туралы дипломатиялық миссияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Ираннан дереу кетіңіз. АҚШ үкіметінің көмегіне сүйенбейтін, елден шығудың жеке жоспарын құрыңыз», — делінген жарияланымда.
Мәлімдемеде АҚШ пен Иранның қос азаматтығы бар тұлғаларға елден ирандық құжаттармен шығу кеңес берілген. Сондай-ақ, дипломаттар елде жүрген америкалықтарға шерулерге қатыспауға, өздеріне көп назар аудартпауға және айналадағы жағдайға барынша сақ болуға шақырды.