Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Армения Премьер-министрінің айтуынша, бұл келісім елдің энергетикалық көздерін әртараптандыруға және қауіпсіз әрі инновациялық атом технологияларын тартуға бағытталған.
Ал Джей Ди Вэнс бұл құжат болашақ жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде Арменияға америкалық өндірістегі шағын модульді реакторларды жеткізуге мүмкіндік ашатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, ықтимал ынтымақтастықтың жалпы көлемі 9 млрд доллар деп бағаланып отыр: оның шамамен 5 млрд доллары жабдықтарды жеткізуге, ал тағы 4 млрд доллары ядролық отынды ұзақ мерзімді жеткізу мен реакторларға қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарға бағытталмақ.
— Бұл шағын модульді реакторлар мен америкалық технологиялар Арменияға жеткізіледі деген сөз. АҚШ өзінің озық технологияларын мұндай жоғары сенім деңгейімен өте сирек жағдайда ғана береді, — деп атап өтті АҚШ вице-президенті.
Ол сондай-ақ бұл ынтымақтастық энергетикалық тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін қоса айтты.
Сонымен қатар Джей Ди Вэнс АҚШ Арменияға 11 млн доллар көлемінде барлау дрондары технологияларын сатуды мақұлдағанын хабарлады.
Бұған дейін Армения модульдік атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы жаздық.