АҚШ пен ЕО Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесімен айналысып жатыр Трамп

16.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік берумен айналысып жатыр және Еуропа бұған үлкен үлес қосады, деп сендірді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Біз Еуропамен бірге осы (қауіпсіздік кепілдігі – ред.) бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Еуропа бұған үлкен үлес қосады", - деді Трамп Ақ үйде.

Сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты реттеуде айтарлықтай ілгерілеушілік барын мәлімдеді. Оның айтуынша, қақтығысты реттеу мәселесі шешілуге жақын қалды.

Ол сондай-ақ жақында Германияда өткен келіссөздерді өте жақсы деп бағалады.
Жексенбі күні Берлинде АҚШ пен Украина делегациялары келіссөздер жүргізді. Тараптар 20 тармақтан тұратын жоспарды, экономикалық мәселелерді және басқа да тақырыптарды талқылады. Дүйсенбі келіссөздердің жаңа раунды өтіп, АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф айтарлықтай ілгерілеушілік туралы мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью