Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
— Сыртқы ортада инфляциялық қысымның әлсіреуі байқалды. Ол әлемдегі азық-түлік нарықтарындағы конъюнктураның жақсаруына байланысты. Азық-түліктің әлемдік бағасы әлі де жоғары деңгейде. Сиыр етінің бағасы әлемде екі мәнді қарқынмен өсіп келеді. Дәнді дақылдар бағасы екі ай бойы көтеріліп тұр. Ал, бидай бағасының шарықтауы Қара теңіз аймағындағы кедергілерге байланысты. Инфляция ірі сауда-серіктесіміз Ресейде қатаң ақша-кредит шарттарының сақталуынан баяулап келеді. Ол ішкі сұранысты шектеп, бағаның өсуін тоқтатуға әсер етеді. Еуроодақта инфляция қазірдің өзінде Еуропа орталық банкінің бағасы бойынша ортамерзімді перспективада нысаналы деңгейге жақын қалыптасуы тиіс, — деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, АҚШ-та Федералды резервтік жүйе 2025 жылы жұмыспен қамту тәуекелдерінің басым болуына байланысты пайыздық мөлшерлемені біртіндеп төмендете бастады. Ал реттеуші болса, сақтық шарасын сақтап отыр.
— АҚШ пен Еуропа арасындағы сауда қарым-қатынасында жоғары геосаяси тәуекелдер сақталып отыр. Шиеленістің өсуі әлемдік сауда-саттық пен экономиканың бөлшектену процесіне жеткізуі мүмкін. Бұл бірте-бірте халықаралық экономикалық байланыстардың тұрақтылығын бұзып, сыртқы инфляциялық жағдайдың нашарлауына алып келуі ықтимал. АҚШ пен Еуропа арасындағы қарым-қатынас шиеленіске жететін болса, әлемдегі экономикалық белсенділік баяулау, оның ішінде шикізат тауарларына, әсіресе, мұнайға сұраныс төмендеп, жалпы энергия көздерінің бағасына әсер етуі мүмкін. Қазір Brent маркалы мұнай бағасы базалық сценарийге сәйкес, — деді ҰБ төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.